Бүгін марқұм саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні

0

Бүгін белгілі саясаткер, қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы туған күні.

Алтынбек Сәрсенбайұлы елде тәуелсіздік алған жылдардан бастап,  2000 жылдардың басына дейін лауазымды қызметтер атқарған беделді саясаткер. Ол өмірінің соңғы жылдары Қазақстан оппазициясының көшбасшыларының бірі болған еді. 2006 жылы 13 ақпанда А. Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын және Василий Журавлев кісі қолынан қаза тапты.

Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қырүйекте Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қайнар елдімекенінде дүниеге келген. Журналстика мамандығы бойынша білім алып, осы салада көп жыл қызмет істеген. «Арай-Заря», «Өркен-Горизонт» сияқты басылымдарының редакторы болды. 1992 жылдың наурызынан бастап, ҚР министрлер кабинеті мен президент аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар бөлімін басқарды, ал тамызда министрлер кабинеті мен президент аппаратының ішкі саясат бөлімін басқарды. 1993 жылдан бастап Баспа және Бұқаралық Ақпарат министрі болып тағайындалды. Алтынбек Сәрсенбайұлы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Ресейдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі, қызметтерін де атқарды. Ал 2003 жылдың желтоқсанында «Ақ жол» партиясының тең төрағасы болып сайланып, Қазақстан оппозициясында  маңызды тұлғалардың бірі болды. Кейін партия «Ақ жол» және «Нағыз Ақ жол» болып бөлініп кетті.

 2006 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлы қастандықпен өлтірілді. Одан бұрын Қазақстандық оппозицияның белді өкілі Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапты.