Бүгін күшті магниттік дауыл болады
Халықаралықметеорологиялық лабораториялардың мәліметтері бойынша, 27 шілде әлем бойынша күшті магниттік дауыл болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Магниттік дауылдар және олардың хал-жағдайға әсері жайлы естіген боларсыз. Бұл Күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын Жердің магнит өрісінің бұзылуы. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді.
27 шілде күні К индексі 5-ке жететін өте күшті магниттік дауыл күтіледі. Бұл қызыл деңгейдегі магниттік дауылға жатады. Алайда ол қысқа болады: 28 шілде күні жағдай қалыпқа келеді.
Магниттік дауыл адамға қалай әсер етуі мүмкін?
Магниттік дауылдар адамның хал-жағдайына жағымсыз әсер етуі мүмкін:
бас ауыруы;
әлсіздік;
жылдам шаршау;
ұйқышылдық;
қан қысымының көтерілуі;
жүрек-қан тамырлар жүйесінің проблемасы;
буындардың ауыруы;
көңіл күйдің нашарлауы;
жоғары мазасыздық;
созылмалы аурулардың асқынуы;
ашуланшақ болу;
агрессияның пайда болуы.
Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?
Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
таза ауада жиі серуендеңіз. Алайда күн ыстық болғандықтан, 11:00-16:00 арасында далаға шықпаған жөн. Таңда немесе кешке серуендеуге тырысыңыз;
бөлмені жиі желдетіңіз;
бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
су режимін сақтаңыз;
хал-жағдайыңыз нашарласа, дәрігерге көрініңіз.