Бүгін кешке қазақстандықтар Айды жақыннан көре алады

19 ақпанның кешінде Қазақстан тұрғындарын ерекше астрономиялық құбылыс күтіп тұр.
Биыл 19 ақпан күні Ай Жерге 356 761 шақырымға жақындайды. Астрономдар мұны ең максималды жақындау дейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
⠀
«19 ақпанда, Алматы уақыты бойынша сағат 21:53-те болады. Дүрбімен қарағанда Айдың кратерлері анық көрінуі тиіс», – дейді В.Фесенков атындағы жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова.
Бұл астрономиялық құбылысты Супер Ай деп те атайды. Бұл жаңа, немесе ескі Айдың перигеймен – Жер мен Айдың ең қатты жақындауымен тұспа-тұс келуі.
Егер кешке аспан бұлтты болмаса, Жерге Айдың ерекше жақындағанын бәріміз көре аламыз.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz