Home Жаңалықтар Бүгін Иманғали Тасмағамбетовтың туған күні

Бүгін Иманғали Тасмағамбетовтың туған күні

0
2115

Осыдан 64 жыл бұрын, яғни 1956 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов дүниеге келді. Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.

А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген (1979), география және биология пәндерінің мұғалімі.

1981-1991 жылдар аралығында КОКП мүшесі. Қазақстан Компартиясы ОК Саяси бюросының мүшесі (1990-1991). ҚР Жоғарғы Кеңесі 12-шақырылымының депутаты (ЛКЖО). 1973-1974 жылдары – Гурьев облысы Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы.

1979 жылдан – Гурьев облысы Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәндерінің мұғалімі.

1979 жылдан – Қазақстан ЛКЖО Махамбет аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, комсомол жұмысы кабинетінің меңгерушісі, Гурьев облыстық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі.

1983 жылдан – Қазақстан ЛКЖО Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы.

1985 жылдан – Қазақстан Компартиясы Гурьев қалалық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

1986 жылдан – ЛКЖО Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы.

1988 жылдан – Қазақстан ЛКЖО ОК жұмысшы жастар және әлеуметтік-экономикалық проблемалар бөлімдерінің меңгерушісі, хатшысы.

1989 жылдан – Қазақстан ЛКЖО ОК-нің бірінші хатшысы.

1991 жылдан – ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.

1993 жылдан – ҚР Президентінің көмекшісі.

1995 жылдан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

1997 жылдан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Білім және мәдениет министрі.

1997 жылдан – ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1998 жылдан – ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі.

1999 жылдан – Атырау облысының әкімі.

2000 жылдан – ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

2002 жылдан – ҚР Премьер-министрі.

2003 жылдан – ҚР Мемлекеттік хатшысы.

2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін – Алматы қаласының әкімі.

2008-2014 жылдары – Астана қаласының әкімі.

2014-2016 жылдары – ҚР Қорғаныс министрі.

2016-2017 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті.

Ә.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қордың Басқарма Төрағасы.

«14 томдық Ә.Х. Марғұланның шығармалары» редколлегиясының мүшесі. Тәуелсіздіктің он жылдығын атап өту бойынша, сондай-ақ ЮНЕСКО көлемінде мерекеленген қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлері: 1995 жылы – Абайдың туғанына 150 жыл, 1996 жылы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл, 1997 жылы – Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл, 1997 жылы Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл, 2002 жылы – Ғабит Мүсіреповтің туғанына 100 жыл және 2004 жылы – Әлкей Марғұланның туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойларды өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияларының төрағасы.

Моңғолияға, Батыс Қазақстанға және РФ-ның Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге халықаралық мәдениеттану экспедицияларын ұйымдастырушы. Солардың бірінің нәтижесінде, 2000 жылы Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі Күлтегін тас хаты кайтарылды. «Парасат» ордені (1998), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев ордені (2004), Орыс Православ Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы» ордені, Ресей Федерациясының «Достық» орденімен және II дәрежелі «Барыс» орденімен (2010) және көптеген медальмен марапатталған.