Күйеуінен айырылған танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жиі түс көріп, мазасы қашқанын айтты.
“Соңғы кездері жиі түс көріп жүрмін. Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бірде жылап оянамын. Бүгін де шым-шытырық түс көрдім”, – деп жазды Ләйлә.
Ол түсінде не болғанын айтып, оқырмандарымен бөлісті.
“Жаңбыр құйып тұр. Қайрекем әдемі киініп алып, күлімдеген жүзімен маған қарап тұр екен. Ырымшыл халықпыз ғой. Түсімді жақсылыққа жорыдым”, – дейді тележүргізуші.