«Бүгін де шым-шытырық»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін не мазалап жүргенін айтты
Күйеуінен айырылған танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жиі түс көріп, мазасы қашқанын айтты.
“Соңғы кездері жиі түс көріп жүрмін. Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бірде жылап оянамын. Бүгін де шым-шытырық түс көрдім”, – деп жазды Ләйлә.
Ол түсінде не болғанын айтып, оқырмандарымен бөлісті.
“Жаңбыр құйып тұр. Қайрекем әдемі киініп алып, күлімдеген жүзімен маған қарап тұр екен. Ырымшыл халықпыз ғой. Түсімді жақсылыққа жорыдым”, – дейді тележүргізуші.