Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды

0
30 Желтоқсан 2018, 10:43 149 0

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мамандары сенбі күні қай қаланың ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.

«30 желтоқсанда Өскемен қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады», — деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ