бүгін берген антқа адал болыңыз

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

57 0 0

Сенат отырысында жоғары палата төрайымы Дариға Назарбаева Қожамжаровты сенат депутаты болып тағайындалуымен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Жуырда сенат депутаты болған бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаров ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында жоғары палата төрайымы Дариға Назарбаева Қайрат Қожамжаровты сенат депутаты болып тағайындалуымен құттықтады.

«Қайрат Пернешұлы білікті және тәжірибелі заңгер ретінде сенаттың заң шығарушылық қызметіне белсенді түрде араласып, қомақты үлес қосады деп сенеміз», — деді сенаттың жаңа төрайымы.

Белгіленген тәртіп бойныша жаңадан тағайындалған депутат палата отырысында ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстанның тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Констиутциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелгене мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант беремін», — деді Қожамжаров.

«Бүгін берген антқа адал болып, қызметіңіздің табысты болуына тілектеспіз», — деді Дариға Назарбаева.

Сонымен қатар, Қожамжаров сенаторлардың дауыс беруімен жоғарғы палатаның халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің құрамына кірді.

Бұған қоса, сенат отырысында депутат Дархан Сатыбалдының өкілеттігі тоқтатылды.

Жақында Сатыбалды Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.



sputniknews.kz