бүгін ауа райы қандай болады?
4 тамызға ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз -Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейеді, дауыл, тұман, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, Жамбыл облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде дауыл соғады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және күндіз кей жерде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерінде найзағай, шаңды дауыл болады, жел 18-23 м/с-ке дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерінде күшті жел соғады. Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі бар.
sputniknews.kz