Бүгін Алтынбек Сәрсенбайұлының жұмбақ жағдайда қаза болып, оққа ұшқан күні

0

Бүгін 11 ақпан Алтынбек Сәрсенбайұлы — Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде жарқын із қалдырған тұлға, журналист, саясаткер, дипломаттың қайтқан күні.

Ол демократия мен сөз бостандығы үшін күрескер ретінде белгілі болған ол елдің дамуына елеулі үлес қосып қана қоймай, қоғамда әділет орнатуға тырысты. Оның өмір жолы, тағдыры және қайғылы қазасы Қазақстандағы саяси өзгерістердің, демократиялық күрестің бір белгісі болып қалды.

2006 жылдың 11 ақпанында Қазақстанның саяси тарихында ең ауыр күндердің бірі ретінде есте қалды. Сол күні Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі — Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосын — Алматы облысынан өлі табылды. Ресми тергеулер бойынша, Сәрсенбайұлының өліміне Қазақстан Республикасы Сенаты аппаратының басшысы Ержан Өтембаев тапсырыс бергені айтылды. Оған киллер ретінде арнайы топ жұмылдырылғаны және оның өлімі саяси себептермен жасалғаны анықталды. Ержан Өтембаев 20 жылға сотталған. «Кісі өлтірді» деп танылған бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов өмір бойы түрмеге қамалу жазасына кесілген. 2013 жылы желтоқсанда Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, әділдік үшін күресті одан әрі күшейтті. Қазақстанның бас прокуратурасы «Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге шын мәнінде Рахат Әлиев тапсырыс бергенін» және істің жаңа деректері табылғанын мәлім етті. Бас прокуратура таратқан ақпарат бойынша, Ибрагимов 2012 жылдың сәуірінде Жоғарғы сотқа жүгініп, Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев емес. Рахат Әлиев пен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев деп айғақ берген. 2014 жылы сот Ержан Өтембаевқа қайтадан үкім шығарып, оны «қылмысқа итермелеуші» ретінде 13 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда сол жылдың соңында ол шартты түрде босап шығып, 2018 жылы қайтыс болды. Бас прокуратура «Азаттыққа» Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевқа қатысты тергеу 2018 жылдың наурызында тоқтатылғанын мәлімдеді. Рахат Әлиев 2015 жылы Вена түрмесінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды, Австрия полициясы оның өзіне-өзі ол қол жұмсағанын хабарлады. ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Әлнұр Мұсаев қазіргі уақытта Австрияда өмір сүріп жатыр, ал бұл елдің құқық қорғау органдары оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі сұйылып кетті.
(дереккөз: nur.kz, фото: malim.kz)