Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 20 наурыз

0
202

20 наурызда не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

20 наурызда әлемде қандай қызықты оқиға болды:

Бүгін Халықаралық еттен бас тарту күні аталып өтеді. Бұл күні сауда орындары, азық-түлік мекемелері ет сатпайды. Қоғамдық қорлар мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдері, жануарларды қорғаушылар флешмобтар мен акциялар өткізеді. Олар вегетарианшылық, жануарларға ізгілікпен қарау, экологияны қорғау идеяларын таратады.

Зерттеушілердің айтуынша, адамзат жыл сайын суды мекендеушілерді есепке алмағанда, 60 миллиард жануарды өлтіреді. Мал шаруашылығы атмосфераға көліктен 20% көп «парниктік газ» шығарады.

 Сондай-ақ бүгін бүкіл әлемдегі терісінің түсі мен материалдық байлығы әртүрлі көптеген адамды біріктіретін Халықаралық бақыт күні аталып өтеді. Мұндай мерекені енгізу бастамасын алғаш болып Бутан деп аталатын шағын таулы елде тұратын әлемдегі ең бақытты адамдар көтерген.

БҰҰ-ның шешімімен адамзат бұл мерекені 2012 жылдан бастап атап өтіп келеді. Ол Жалпы Ұлттық Бақыт немесе Happy Planet Index коэффициентіне негізделген, себебі оның көмегімен Жер шары тұрғындарының ұлттық әл-ауқаты өлшеніп, әлемдегі елдерде қоршаған орта қаншалықты қолайлы екені анықталады. Халықаралық бақыт күнінің мақсаты – бақыт бейбітшілік пен келісімге бастайтын адамзаттың басты ұмтылысы екенін көрсету.

 Бүгін ғаламшарымыз Халықаралық астрология күнін атап өтеді. Астрология – бүкіл әлем қызығушылық танытатын тұтас ғылым. Көптеген адам оған сенім артып, жұлдыздардан қалай әрекет ету керектігін сұрайды. Астрология жаппай қолданыла бастағанына көп уақыт өте қойған жоқ, бірақ ол жыл сайын танымал болып келеді.

Мерекенің күні мен айын қалай анықтаған? Барлығы өте қарапайым – астрологтардың мерекесі көктемгі күн мен түннің теңелуіне дәл келеді. Осы күні астрологиялық жыл басталады. Он жыл бұрын Батыстың астрологтары 20 наурызда Астрология күнін тойлауды ұсынды.

20 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар:

1861 жылы Аргентинадағы зілзала кезінде тұтас Мендос қаласы жойылып кетті. Жер сілкінісі кезінде қала халқының үштен екісі қаза тапты;

1854 жылы АҚШ-та Республикалық партия құрылды;

1917 жылы Финляндия Конституциясы жаңартылды;

1921 жылы Канзас-ситиде Уолт Диснейдің қатысуымен жасалған алғашқы мультфильм прокатқа шықты.

20 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:

1935 жылы «Төте оқу» деген атпен апталық газеттің алғашқы саны жарық көрді;

1961 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумның Жарлығымен Ақмола қаласының (1830-1961) атауы Целиноград (1961-1992) деп өзгертілді;

1992 жылы Қазақстан өзінің пошталық маркасын шығара бастады;

1994 жылы Алматыда Польша елшілігі ашылды;

2015 жылы Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Назарбаев орталығына барып, «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивті білім орталығының жұмысымен танысты.

20 наурызда дүниеге келген танымал тұлғалар:

1869 жылы музыка сыншысы, этнограф, композитор Александр Затаевич дүниеге келді;

1905 жылы орыс кеңес жазушысы, сценарийші Вера Панова дүниеге келді. Сталин жүлдесін үш рет иеленген (1947, 1948, 1950);

1933 жылы Кеңес және Ресей ақыны, бард, әндердің авторы, режиссер, сценарийші, композитор, тележүргізуші, геофизик, геология және минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Александр Городницкий дүниеге келді. Ресей Федерациясының еңбек сіңірген қайраткері (2005). Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері (2013);

1976 жылы америкалық рок-музыкант, Linkin Park және Dead by Sunrise топтарының әншісі Честер Бэннингтон дүниеге келді;

1984 жылы Испания құрамасының футболшысы, Еуропа және әлем чемпионы Фернандо Торрес дүниеге келді.

20 наурызда Қазақстанда кім дүниеге келді:

1889 жылы ақын Халима Өтеғалиева дүниеге келді;

1910 жылы қазақ әдебиетінің зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы Мұратбек Бөжеев дүниеге келді;

1914 жылы әнші, Қазақстанның халық әртісі Әнуарбек Үмбетбаев дүниеге келді;

1915 жылы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов дүниеге келді;

1935 жылы Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұманбай Молдағалиев дүниеге келді;

1950 жылы «Табиғат» Қазақстанның кәсіпорындары мен қауымдастықтары экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Бикеш белгісінде орналасады. Бүгін – керемет күн. Қалаған нәрсеңізді істеңіз, бәрі сәтті аяқталады. Жұмысыңызды, тұрғылықты жеріңізді ауыстырсаңыз болады немесе өзіңізге уақыт бөліп, өмірдің мәні туралы ойланыңыз. Бүгін сіз үшін барлық есік ашық.



sputniknews.kz