Бүгін – Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

0

Бүгін, 5 қыркүйек — Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тілі білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

2017 жылы ҚР премьер-министрінің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Үкіметтің «Қазақстан Республикасында мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланады. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін.

5 қыркүйекке ауыстыру себебі – бұл күні ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүние есігін ашқан. Қазақ үшін қасіретті 1937 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласында өмірден озған. Қазақтың ақыны, тіл және әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі болған.