Бүгін 12 қаңтар 2 ұлы тұлғалардың туған күні
Бүгінгі мақаламыз 12 қаңтарда дүниеге келген әлемге танымал екі ер адамның туған күнідері жайлы болмақ.
147 жыл бұрын американдық жазушы және журналист — Джек Лондон (1876-1916) дүниеге келді. Ол 200-ден астам шытырман оқиғалы әңгімелер мен романдардың авторы. Жазушы шығармаларындағы биік белесі — “Мартин Иден” (1909, қазақ тілінде 1968) роман-биографиясында автордың өзіндік тұлғасы, қоғам мен қоршаған ортаны тануы, шығармашылық өнер жөніндегі ойлары көрініс тапқан. Кейіннен Лондон шығармаларын М. Әуезов, М. Дәулетбаев, Б. Омаров, т.б. қаламгерлер аударған. Әуезовтің “Көксерек” повесінен канадалық жазушы Эрнест Сетон — Томпсонның “Винипег қасқыры” мен Лондонның “Ақ азу” атты шығармаларының әсері байқалады. Мұның өзі қазақ көркемсөз өнерінің әлем әдебиетімен сабақтаса дамығанын көрсетеді. Лондон шығармалары бұрынғы Кеңестер Одағы аумағында көп аударылып, кең тараған.
Сонымен қатар 111 жыл бұрын Қазақстанның 1960-1986 жылдардағы басшысы — Дінмұхамед Қонаев (1912-1993) дүниеге келді. Қонаевтың билігі кезінде республиканың өндірістік әлеуеті 700% — дан өсті. Әрі Қазақстан Ресей және Украина елдерімен бірге КСРО-ның ең ірі үш экономикасының қатарына енді. Қазақстанның батыс бөлігінде жаңа мұнай кен орындарының ашылуының арқасында республика мұнай өндірудің ірі орталықтарының біріне айналды. Қонаев Өзбекстанға берілген оңтүстіктегі мақта өсіретін аудандарды Қазақстан құрамына қайтарды, Мәскеудің Қазақстанда Неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түрікменстанға беру жөніндегі бастамаларына қарсы болды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қонаев Қазақстанның басшысы қызметінен босатылды. Ал оның орнына осы уақытқа дейін Ресейдегі Ульяновск облысын басқарған Геннадий Колбина тағайындалды. Республика басшысының бұл ауысымы біздің тарихымызға «желтоқсан» оқиғасының басталуына алып келді. Осыдан кейін Қонаев саяжайдан және тиісті жеке зейнетақысынан айырылды. Ол өзінің барлық жинақтарын, 35 мың рубльді пәтер сатып алуға жұмсады.
Ал сіз тағы қандай ұлы тұлғаның туған күнін білесіз?
Айжан МАМЕШ