Бүгін 10 жаңа фильм прокатқа шықты

0

“Тағдыр бекеті”

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Ернар Нұрғалиев

Ұзақтығы: 95 минут

Рольдерде: Бөпеш Жандаев, Баян Мақсатқызы, Қуанышбек Әділов, Асқар Ілиясов

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Ұлан есімді 23 жастағы тентек жігіт кезекті орынсыз қылығынан кейін полицейден қашып, пойызда келе жатады. Ол вагонда жасырынып жүрген кезде Гүлназ есімді қызбен танысады. Екеуінің арасында сезім оянады. Бірақ Гүлназ бен Ұланға тағдыр үлкен сынақ пен қызыққа толы оқиғалар әзірлеп қойған еді. Олардың қарым-қатынасына екеуінің ата-анасының өткен шағы да әсер етеді.

“Беймарал”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Стивен Найт

Ұзақтығы: 106 минут

Рольдерде: Энн Хэтэуэй, Дайан Лэйн, Мэттью МакКонахи, Джереми Стронг, Джейсон Кларк, Джимон Хонсу, Гарион Даудс, Кеннет Фок, Роберт Хоббс

Жанры: драма, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kеме капитаны Бэйкер Дилл Кариб теңізіндегі шағын аралға қоныстанып, өткен өмірін ұмытуға тырысады. Бірде оған Карен есімді ажырасқан әйелі күтпеген жерден келіп, жаңа күйеуінен құтқаруды өтінеді.

“Кері шеру”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Брайан А Миллер

Ұзақтығы: 98 минут

Рольдерде: Сильвестр Сталлоне, Райан Гузман, Колин Эглсфилд, Мэттью Модайн, Кристофер МакДональд, Медоу Уильямс, Лидия Халл, Дженна Уиллис, Байли Каррен, Тайлер Джон Олсон

Жанры: драма, криминал, экшн, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмде инкассатор машинасы тоналады. Қолды болған ақшаның қайда екенін аман қалған жалғыз тонаушы ғана көрсете алады. Енді полицейлер қылмысты ашып, ақшаны табу үшін бар амалды қолданады.

“Холмс & Ватсон”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Этан Коэн

Ұзақтығы: 89 минут

Рольдерде: Уилл Феррелл, Лорен Лапкус, Келли Макдоналд, Рэйф Файнс, Джон Си Райли, Ребекка Холл, Хью Лори, Ноа Джуп, Стив Куган, Пэм Феррис

Жанры: драма, комедия, криминал, детектив, шытырман оқиғалы

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бұл – детектив Шерлок Холмс пен оның серігі доктор Ватсон туралы оқиға. Ешкімге ұқсамайтын дуэт шырмалған тергеуді жүргіземіз деп, бастарына жау тілеп алады.

“Жасыл кітап”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Питер Фаррелли

Ұзақтығы: 130 минут

Рольдерде: Вигго Мортенсен, Махершала Али, Линда Карделлини, Себастьян Манискалко, Димитар Маринов, Майк Хаттон, П.Дж. Бирн, Джозеф Кортезе, Maggie Nixon, Фон Льюис

Жанры: драма, комедия, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бай әрі талантты музыкант өзінің көлік жүргізушісі және оққағары ретінде сөзшең азаматты жұмысқа алады. “Мылжың” Тониді бұл жұмысқа лайық деу қиын. Оның аузында сөз тұрмайды, ас құралдарын жөнді пайдалануды білмейді. Бірақ төбелесте алдына жан салмайды. Бұл турне екеуінің де өмірін түбегейлі өзгертеді.

“Астрал”

Шығарушы мемлекет: Ұлыбритания

Режиссеры: Крис Мул

Ұзақтығы: 83 минут

Рольдерде: Фрэнк Диллэйн, Катрин Стэдмен, Ванесса Грасс, Демсон Идрис, Дарвин Шоу, Тревор Уайт, Ned Porteous, Джульетт Хоуланд, Марк Аикен, Jennifer Brooke

Жанры: қорқынышты

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, Алекстің кішкентай кезінде психиатриялық клиникадан шыққан анасы асылып, қайтыс болған еді. Бала өскен соң астралдық проекциямен айналысып, қайтыс болған анасымен байланыспақшы.

“BEEF: Орысша хип-хоп”

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Рома Жиган

Ұзақтығы: 80 минут

Рольдерде: Баста, Александр Тимарцев, Адиль Жалелов, Мирон Фёдоров, Джа Калиб, ST, Вахтанг Каландадзе, Кирилл Толмацкий, L’One, Смоки Мо

Жанры: драма, музыка, өмірбаян

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Орыс хип-хопының андеграундтан үлкен стадионға дейінгі жолы осы мәдениеттің жарқын өкілдерінің көзімен көрсетіледі.

“Сүйкімді бала”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Феликс ван Грунинген

Ұзақтығы: 120 минут

Рольдерде: Стив Карелл, Тимоти Шаламе, Мора Тирни, Кристиан Конвери, Окли Булл, Кейтлин Дивер, Эми Райан, Стефани Скотт, Джулиан Уоркс, Ке Лоуренс

Жанры: драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Дэвид Шеффтің кіші ұлы Ник нашақор болып кетті. Бұл жаман әдет қайдан пайда болды? Ник жақсы отбасыда өскен, үлгерімі жоғары бала еді. Ата-анасының ажырасуын да оңай қабылдаған. Лос-Анджелесте тұратын анасымен жиі араласады. Дэвид өткенді еске алып, баласының бұрын қаншалықты ойлы әрі сүйкімді екенін еске түсіреді.

“Жеңілтек әже – 2”

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Марюс Вайсберг

Рольдерде: Александр Ревва, Глюкоза, Марина Федункив, Дмитрий Нагиев, Евгений Герчаков, Елена Валюшкина, Наталья Бардо, Михаил Галустян, Роман Курцын, Мария Горбань

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Көрермендер әйгілі комедияның жалғасында Сашей Рубенштейн атты тартымды аферистпен және Мәскеуге келген зейнеткерлер тобымен қайта жүздеседі.

“Қасқырлар мен қойлар: “

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Владимир Николаев

Ұзақтығы: 80 минут

Рольдерде: Елизавета Боярская, Максим Матвеев, Галина Корнева, Антон Юрьев, Алексей Сигаев

Жанры: мультфильм

Қасқырлар мен қойлар тату тұратын қалаға күтпеген қонақтар келді. Бірақ оларды өздерімен бірге қауіп әкеледі деп ешкім ойламаған еді. Енді бұл қауіпті жеңу үшін қасқырлар мен қойлар күш жұмылдыруы керек.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz