Бүгін 10 жаңа фильм прокатқа шықты

0
158

“Аға, әлде неке – 2”

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Әлішер Утев

Ұзақтығы: 98 минут

Рольдерде: Дәурен Серғазин, Тәуекел Мүслім, Мұрат Бисенбин, Әбдінасыр Серіков, Олжас Жаңабеков, Бауыржан Қаптағай, Шыңғыс Капин, Данияр Жұмаділов, Азамат Ұланов

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Гауһардың аяғы ауыр. Айдар қайын ағаларымен ортақ тілге келгендей болады. Бірақ ол біртүрлі дертке шалдыққанда бәрі өзгереді. Кувад синдромы (еркектердің өзін екіқабат сезінуі) Айдардың отбасын бұзуы мүмкін.

“Таңсәрі”

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Павел Сидоров

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Оксана Акиньшина, Александра Дроздова, Александр Молочников, Анна Слю, Олег Васильков, Кузьма Котрелев, Анастасия Куимова, Валерий Кухарешин, Мирослав Пенцов

Жанры: қорқынышты, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмде бас кейіпкердің бауыры жұмбақ жағдайда өледі. Енді оның қорқынышты түстері өңіне айналғандай болып жүр. Одан арылу үшін кейіпкер не істемек?

“Ленинградты құтқару”

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Алексей Козлов

Ұзақтығы: 100 минут

Рольдерде: Мария Мельникова, Андрей Миронов-Удалов, Гела Месхи, Анастасия Мельникова, Сергей Жарков, Иван Лырчиков, Валерий Дегтярь, Михаил Морозов, Николай Горшков, Евгения Любимова

Жанры: драма, әскери

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

1941 жыл қыркүйек. Костя және Настя есімді ғашықтар тағдырдың жазуымен блокададағы Ленинградтан адамдарды алып шығатын баржаға мінеді. Түнде су көлігі дауылға ұрынып, апатқа ұшырайды. Бірақ қайғы орнына алғаш болып құтқарушылар емес, жау ұшақтары жетеді.

“Лиззи Борденнің кегі”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Крэйг Уилльям Макнейлл

Ұзақтығы: 105 минут

Рольдерде: Кристен Стюарт, Хлоя Севиньи, Фиона Шоу, Ким Диккенс, Дэнис О’Хэр, Джейми Шеридан, Джефф Перри, Тара Окс, Джэй Хьюджули, Дэрин Купер

Жанры: драма, триллер, детектив, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

1892 жылдың 4 тамызында Борден отбасының үйінде жантүршіктірерлік айқай естіледі. Себебі үй қызметшісі отағасы мен оның әйелінің қансыраған денесін тапты. Ұрлықтың ізі болмағандықтан сол үйдегі жетім қыз күдікті болып қалады. Бұл америкалық криминалистикадағы ең танымал әрі адам сенгісіз қылмыстық тергеу болған.

“Фаворит”

Шығарушы мемлекет: Ирландия, Ұлыбритания, АҚШ

Режиссеры: Йоргос Лантимос

Ұзақтығы: 119 минут

Рольдерде: Оливия Колман, Рэйчел Вайс, Эмма Делвс, Фэй Дейвней, Эмма Стоун, Пол Суэйн, Дженнифер Уайт, Лилироуз Стивенс, Денис Мак, Джеймс Смит

Жанры: драма, комедия, өмірбаян, тарих

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжет XVIII ғасырдың басында дамиды. Англия мен Франция арасында соғыс жүріп жатыр. Таққа дымкәс патшайым Анна отырады. Ал ел билігін оның құрбысы Сара қолына алды. Патша сарайында көп кешікпей Эбигейл есімді қызметші пайда болады. Бұл қыз Сараға ұнап қалады да, ол Эбигейлді көмекші қылып жұмысқа қабылдайды. Эбигейлдің де тегі ақсүйектен, сондықтан оның да билік басындағылармен теңесуге ниеті бар.

“Аққұба Рик”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Ян Деманж

Ұзақтығы: 111 минут

Рольдерде: Мэттью МакКонахи, Ричи Мерритт, Бел Паули, Дженнифер Джейсон Ли, Брайан Тайри Генри, Рори Кокрейн, АрДжей Сайлер, Джонатан Мэйджерс, Эдди Марсан, Тейлор Пейдж

Жанры: драма, криминал

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Шынайы оқиғаға негізделген фильм кіші Ричард Вершидің оқиғасын баяндайды. Ол 14 жасынан бастап Федералдық тергеу бюросының жансызы болған, кейіннен наркодилер болып, өмір бойына түрмеге қамалған.

“Аладдин 2”

Шығарушы мемлекет: Франция

Режиссеры: Лайонел Стекти

Ұзақтығы: 98 минут

Рольдерде: Кев Адамс, Жамель Деббуз, Ванесса Гуид, Эрик Жюдор, Рамзи Бедиа, Вахид Бузиди, Ноэми Ленуар, Dimitri Tordjman, Микаэль Коэн, Фатсах Буяхмед

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Сиқырға толы Бағдадтағы сарайда Аладдин мен ханшайым өмір сүріп жатыр. Бірде оларға зұлым диктатор келеді. Шақырылмаған қонақтан құтылып, ханшайымнан айырылмау үшін Аладдин Сиқырлы майшамды тауып, досы жыннан көмек сұрамақ.

“Жедел отбасы”

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Шон Андерс

Ұзақтығы: 118 минут

Рольдерде: Марк Уолберг, Роуз Бирн, Изабела Монер, Густаво Куирос мл., Julianna Gamiz, Октавия Спенсер, Тиг Нотаро, Том Сегура, Эллин Рэйчел, Бритт Рентшлер

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмде баласы жоқ ерлі-зайыпты үш баланы бірден асырап алмақ болады. Бірақ олар мұның арты күтпеген проблемаларға әкелетенін білмеп еді.

“Болашақтан келген Мирай”

Шығарушы мемлекет: Жапония

Режиссеры: Мамору Хосода

Ұзақтығы: 98 минут

Жанры: мультфильм, драма, фэнтези, шытырман оқиғалы, аниме

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Төрт жастағы Кун – еркін, уайымсыз өсіп келе жатқан бала. Бірақ қарындасы дүниеге келгенде оның алаңсыз әлемі күйрейді. Ата-анасы одан гөрі жаңа туған нәрестеге көбірек көңіл бөледі. Сөйтіп Кун сиқырлы ағаш өсетін аулада жасырынып жүріп, өткен шақ, қазіргі шақ және болашақ араласып кеткен фантастикалық әлемге тап болады.

“Жеке даму тренингі”

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Фархат Шарипов

Ұзақтығы: 85 минут

Рольдерде: Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Гүлжамал Қазақбаева, Әсел Қалиева, Филипп Волошин

Жанры: драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бұл фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген. Сюжетте Қанат есімді 40 жастағы кейіпкердің өмірі баяндалады. Бірде ол жеке даму тренингіне қатысып, табысты лидер болудың жолдарын үйренеді. Лидерліктің құпиясын меңгере отырып, Қанат енді өмірі мен көзқарастарын өзгертпекші.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!

Дереккөз: Baribar.kz