Будапештте туристік қайық аударылып, кем дегенде жеті адам суға кетті

0

29 мамырда Венгрия астанасы Будапешттегі Дунай өзенінде 34 адам отырған туристік қайық аударылып, кем дегенде 7 адам қаза тапқан. 20 адам іс-түссіз жоғалып кетті. Жеті адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.

Бортта болғандар саны түрліше айтылады. Полиция дерегінше, қайықта 33 оңтүстіккореялық турист отырған. Қайық иесі «32 жолаушы мен екі венгриялық экипаж мүшесі болды» дейді.

Оңтүстік Кореяның Будапешттегі елшілігі суға кеткендерді шығаруға, аман қалғандарды құтқаруға көмектескен.

Қайық аударылған күні қалада қалың нөсер жауып тұрған. Reuters агенттігі кеменің парламент ғимаратына жақын маңда аударылғанын, оны басқа бір қайық соққанын жазды. Hableany кемесінің иесі Index.hu сайтына «борттың қала ішіндегі әдеттегі экскурсия кезінде аударылғанын» айтқан. Аударылған қайықта 60 адамға орын болған.

Azattyq