Будапешт меморандумы Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алған жоқ — Тұрарбек Құсайынұлы
Азат Украина тез арада өз территориясын басқыншы-оккупанттардан қорғау үшін ядролық қаруға қол жеткізуге бар күшін салуы қажет.
Ал, Қазақстан сияқты «тәуелсіздікке» оңай қол жеткізген мемлекетке ядролық арсеналға қайтадан ие болу, меніңше Қазақ елінің болашағына аса қажет тарихи шешім болар еді.
Ұмытпасам диктатор Н.Назарбаев 1992 жылы 22 мамырда кеңес әскерінен қалған атомдық қарудан бас тартып, Лиссабон хаттамасына қол қойды.
Ал 2008 жылы ол өзінің кандидатурасын
ядролық қаруды таратпауға үлес қосқаны үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынды.
Атап айтқанда автократ Н.Назарбаевтың:
Біз атом қаруынан өз еркімізбен бас тартып, бүкіләлемдік ядролық қарусыздану көшін бастадық. Бұл – Қазақстанның жаһандық бейбітшілікті сақтауға қосқан теңдессіз үлесі- деген тезисі қазіргі әлемде қалыптасқан геосаяси ахуалға қауқарсыз яки дәрменсіз болып отыр.
Оған дәлел 1994 жылы қабылданып,тәуелсіз Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік берген Будапешт меморандумы — шын мәнінде Украинаның территориялық тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете алған жоқ, керісінше қанішер В.ПУТИН сияқты соғысқұмар есерсоқтар азат Украинаны ядролық қарумен бопсалауда.
Сондықтан да менің субъективті пікірім Қазақ елі — Израиль мемлекетінің әскери доктринасынан үлгі алып, заманауи қорғаныс техникасы мен ядролық қаруға тез арада қол жеткізуі керек деп есептеймін.
Республика күні баршамызға құтты, тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз мәңгі болсын!
Тәңір қазағымды жарылқасын!
Тұрарбек Құсайынұлы