Бучадағы жантүршігерлік көріністі Украина қасақана ұйымдастырған — С.Лавров

0

АҚШ пен оның одақтастары Ресейдің қаржы мекемелеріне, лауазымды тұлғалар мен олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға жаңа санкциялар салады, деп хабарлайды Kznews.kz сайты «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді. Айтуынша, Кремльді жазалауға қатысты түпкілікті шешім бүгін қабылданады. Санкцияларды енгізуге Ресей әскері басып алған Украинаның Буча қаласында азапталып өлтірілген жүздеген бейбіт тұрғынның табылуы себеп болған.

Джен Псаки, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

АҚШ пен оның еуропалық одақтастары Ресейге санкциялар салу туралы мәлімдемелерді сәрсенбі күні жариялайды. Бұл ресейлік шенеуніктерді жауапқа тартуға бағытталған іс-әрекеттердің жалғасы болмақ. Украина келіссөздерді болдырмауға әрекеттеніп жатыр. Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киев пен Батысты осылай деп айыптады. Айтуынша, Бучадағы жантүршігерлік көріністерді Украина тарапы қасақана ұйымдастырған.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

— Соңғы күндері Батыс пен Киев Украина әскері Бучада түсірген бейнежазба арқылы дүрбелең тудырып, теріс үгіт-насихат жасап жатыр. Мұндағы басты мақсат – Украинамен арадағы келіссөздерді болдырмау. Біз Киевтен зымияндықпен айналыспауды талап етеміз. Бізде Бучадағы бейнежазбаларды Украина әдейі қолдан ұйымдастырып отырғанын дәлелдейтін толық айғақ бар. Бұл назарды басқаға аудару амалы.

(Фото:  ru.krymr.com)