Бразилияда коронавирустың үндістандық штамы тіркелді

0

Бразилияда Үндістанда шыққан коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы үндістандық штамм Сан-Паулу қаласында шетелден оралған саяхатшының бірінен анықталды. 32 жастағы азамат елге қайтар алдында ПТР-тест тапсырып оның нәтижесі теріс болған.

Бірақ әуежайға келген соң тапсырған сынамадан үнділік штамм шыққан. Қазір науқаспен қатынасқан адамдар тексеріліп жатыр. Айта кетейік, Бразилияда коронавирустың үнділік штаммы өткен аптада кеме экипажынан анықталған еді.

Джамал Сулейман, Жұқпалы аурулар институтының қызметкері:

– Зерттеулер коронавирустың бұл штамы тез таралатынын көрсетіп отыр. Сондықтан Бразилиядағы эпидемиологиялық ахуалға кері әсерін тигізіп, індеттің күшеюіне әкелуі мүмкін. Жатақханалар COVID-орталықтарға айналды Ал Үндістанда COVID-орталықтар тапшы.

Бұған осы елде коронавирустың өршуі себеп. Сондықтан ауылды жерлерде енді жатақханалар да науқастарды емдейтін орындарға айналды. Себебі қалалық емханаларда шалғай жерлерден жеткізілген тұрғындарға орын жетіспей жатыр.

Пуш Раджри Вагела, дәрігер:

– Қазір біздің емханамызда 13 науқас емделіп жатыр. Ең басты жетістігіміз соңғы айда бір де бір адам қайтыс болған жоқ. Жалпы осы уақытқа дейін 80 науқасты емдедік.