Бразилия ресейлік Sputnik V вакцинасын тіркеуден бас тартты
Бразилияның Ұлттық денсаулық сақтау қадағалау агенттігі ресейлік Sputnik V коронавирусқа қарсы вакцинасын шұғыл қолдану туралы өтініш жасаған құжаттарды União Química фармацевтикалық компаниясына қайтарып берді.
Бразилияның денсаулық сақтау саласындағы ұлттық мониторинг агенттігі (Anvisa) коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік Sputnik V вакцинасын тіркеуден бас тартты. Фармацевтикалық União Química компаниясына Sputnik V вакцинасын шұғыл қолдану туралы сұраныстағы құжаттар қайтарылды.
«Сұраныс ең төменгі өлшемдерге сәйкес келмеуіне байланысты компанияға қайтарылды, атап айтқанда үшінші кезеңнің клиникалық сынақтарына рұқсаттың болмауына, сондай-ақ өндірістік тәжірибеге қатысты мәселелерге байланысты», — делінген хабарламада. Anvisa клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңін мақұлдауды жедел пайдалануды сұрау үшін жеткіліксіз деп түсіндірді. Бұл вакцинаның клиникалық сынақтары препараттың қауіпсіздігі мен ұзақ мерзімді тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін өтініш берушінің стратегияларын қамтуы керек, деді шығарылым.
Сонымен қатар, әзірлеуші компания төтенше жағдайда пайдалануға рұқсат беру туралы сұраныс жіберуі керек. Ресейдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев Ресей жақын болашақта Бразилияға Sputnik V вакцинасының 10 миллион дозасын, ал 2021 жылдың соңына дейін 150 миллион дозасын жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Sputnik V вакцинасы 2020 жылдың тамыз айында тіркелген. Ресей президенті Владимир Путин оның тиімді екенін, тұрақты иммунитетті қалыптастыратынын және барлық сынақтардан өткенін алға тартты. Сонымен қатар, вакцина клиникалық сынақтардың үшінші кезеңіне дейін тіркелгендіктен, ғылыми қауымдастықта сынға алынды.
3 кезеңнің сынақтары вакцинаның кең таралуға дайындығын тексеру үшін өте маңызды, деп жазады National Geographic. Бірқатар ресейлік ғалымдар вакцинаны тіркеуге жеделдетілген тәсіл дәрі-дәрмек жасаудың ғылыми және этикалық нормаларына қайшы келетінін атап өтті. Вакцинацияланған ресейліктер әртүрлі жанама әсерлерге шағымданды — безгегі, иістің жоғалуы, қан қысымының жоғарылауы.
Ресейде коронавирусқа қарсы кең ауқымды вакцинация желтоқсан айының ортасында басталды. Қазірдің өзінде 1,5 миллионнан астам адам Sputnik V вакцинасымен вакцинацияланған. Препарат Аргентина, Боливия, Сербия, Алжир, Палестина, Венесуэла, Парагвай және Беларусияда қолдануға рұқсат етілген.
Керімсал Жұбатқанов