БҚО тұрғынынан киіктің мүйіздері табылғаны хабарланды

0

Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданының тұрғынынан киіктің 102 мүйізі табылды. Полиция оны ұстап, іс қозғаған.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, Бөкей Ордасы Бөрлі ауылының 30 жастағы тұрғыны 12 ақпандағы жедел іздестіру шарасы кезінде ұсталған.

Аудандық полиция бөлімшесінде «Заңсыз киік аулау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны да хабарланды. Келген шығын анықталып жатыр.

Ұсталған адамға Қылмыстық кодекстегі жаңа бап бойынша іс қозғалды. Бұл бап бойынша, үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жне мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Киіктер жоғалып бара жатқан жануар ретінде Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген. Браконьерлер әдетте киіктердің мүйізін ем-домға қолдану үшін сатады.

Соңғы кезде Қазақстанның әр аймағынан заңсыз киік аулағаны туралы хабарламалар жиілеген. Өткен жылы заңсыз киік аулаушыларды ұстауға тырысқан «Охотзоопром» кәсіпорнының екі инспекторы қаза болды.

Azattyq