БҚО тұрғыны 65 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

0

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 61 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп жазды “Мой город” басылымы.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ер адам тәртіп сақшылары қайтыс болған әйелдің денесін тапқан соң жедел іздестіру кезінде қолға түскен.

«Барлық қызметкерлерге ескерту берілді, іздестіру шаралары жарияланды. Күдікті өлтірілген әйелдің 35 жастағы ұлы болды, ол шындықты жасыруға тырысты, тергеуді адастырды. Күдікті мен анасының арасында жанжал болған. Ол анасына дене жарақатын келтірген. Нәтижесінде әйел көз жұмды», — деп ктүсіндірді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимов.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 3-бөлігінің 106-бабы «Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Полиция тергеу аяқталғаннан кейін толық ақпарат беруге уәде берді.