БҚО полиция басшысының ұлы есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Батыс Қазақстан облысының полиция полковнигі Талғат Арыновтың ұлы Нұржан Арынов есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
«Нұржан Талғатұлы Арынов ҚК — нің (3-бөлігінің 297-бабында 1,3,5) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша оған 10 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын», — делінген сот шешімінде.
Іс Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Фото: PHOTOXPRESS.