БҚО ер адам үш тұрғынды өлтіріп, үйімен қосып өртеп жіберген

0

Теректі ауданы Федлоровка ауылының Межколхoлзная көшесіндегі үйдің бірінде өрт болып, сөндіру кезінде зорлық-зомбылық көрген 3 адамның мәйіті табылды деп хабарлайды Мойгород сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 21 желтоқсан күні орын алған.

Жедел іздестіру шарасы нәтижесінде Теректі ауданының полицейлері, БҚО полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып 45 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері де жұмыс істеген. Олар өртті ауыздықтаған, бірақ екі пәтерлі тұрғын үйдің, №2 пәтерінің жиһаздары, тұрмыстық техникалары, 96 шаршы метрі қызыл жалынға оранған.

Өрт сөндіру кезінде 3 адамның мәйіті табылды. Олар 63 пен 68 жастағы әйелдер, сондай-ақ 50 жастағы ер азамат. Өрттің себебі мен салдары анықталуда. Оқиға орнында 2 техника мен 7 адам жұмыс істеді. Өрт 00:45 уақытында өшірілді, – деді БҚО төтенше жағдайлар қызметі.

Теректі ауданының полиция департаменті Қылмыстық кодектің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз