БҚО егде жастағы әжейді тонаған қылмыскер ұсталды

0

Қаскөйге қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр.

БҚО-ның полиция қызметкерлері егде жастағы әжейді тонаған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 4 ақпан күні сағат шамамен 17.00-де белгісіз біреу Гагарин көшесінде орналасқан 99-үйдің ауласында зорлық көрсету арқылы 1945 жылы туған әйел адамға тиесілі «Homtom HT16» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Орал қаласы ПБ жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен 1981 жылы туған азаматты анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды»,- деп атап өтті тәртіп сақшылары.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz