БҚО-да жұмысқа тұрғызамын деп 14 адамды алдап кеткен тұрғын ұсталды

Сурет: Free-Photos
Батыс Қазақстан облысында Атырау тұрғыны 14 адамды жұмысқа орналастырамын деп алдап кеткен.
Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атыраулық 1993 жылғы әйел БҚО аумағында 14 тұрғыннан жұмысқа орналастырамын деп 50 мың теңгеден алған.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.