БҚО-да туберкулезден өлу көрсеткіші 21% төмендеді – әкім

0
26 Қараша 2018, 14:20 162 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөнінде баяндаған облыс әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.

«Елбасы бес жылдың ішінде білім және ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 10% дейін көтеруді тапсырды. Алдағы уақытта біз осы жұмысты жоспарлы түрде орындаймыз. Қазір 3 млрд теңге білім сапасын арттыру, модернизация жүргізу, материалдық-техникалық базасын жаңарту және оқулықтармен қамтамасыз етуге қарастырылды. Өңірдегі балабақшалар саны 500 жетті және оның 52 жеке меншік балабақша болып табылады», — деді Көлгінов.

Ол ауылды елді мекендердегі 226 шағын жинақталған мектептерді интернетпен қамтамасыз ету мәселесі оффлайн түрде жаңартылатын және үш тілде сапалы электронды контентпен қамтамасыз ететін компьютерлік техникамен жүзеге асырылып отырғанын айтты.

«Денсаулық саласы бойынша, Қарашығанақ жобасының қаражаты есебінен заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген кардиоорталықтың жаңа корпусы салынады. Сонымен қатар, қағазбастылықтан арылып, медициналық құжаттаманы цифрлық форматқа көшіру аясында электронды денсаулық паспорттарын құру қолға алынып жатыр. Өңірде бұл іс 100% орындалды. Сондай-ақ, 121 есеп беру үлгісінің 108 түрі қағаз түрінде ұсынудан арылды. Өткен жылмен салыстырғанда, қауіпті түзілулерден өлу көрсеткіші 7%, қан айналымы жүйесінен 10%, туберкулезден 21% төмендеді», — деді Алтай Көлгінов. Көлгінов бұған дейін облыста Саратов – Самара айналма жолының құрылысы басталғанын және өңірде жыл соңына дейіне 900 жуық азамат мемлекеттік юағдарламалар арқылы баспаналы болатынын мәлімдеді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ