БҚО-да Ресейден оралған 16 вахта қызметкері коронавирус жұқтырған — Қазақстан жаңалықтары

0

Батыс Қазақстан облысныда Ресейден ораллған 16 вахта қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған 16 науқас тіркелді.

«Коронавирус инфекциясы анықталған 16 азаматтың 6-ы Батыс Қазақстан облысының, 8-і Түркістан облысының тұрғындары. Барлығы — Ресей Федерациясында вахталық әдіс бойынша жұмыс жасайтын азаматтар. Сондай-ақ, 2 азамат — РФ Саратов қаласынан келген Жамбыл облысының тұрғындары», — делінген ресми хабарламада .

16 пациенттің 14-і РФ Саратов облысымен шекарадағы «Тасқала» бекеті, 2-і Ресей Федерациясының Самара облысымен шекарадағы «Сырым» бекеті арқылы жаяу өтті, байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде дене қызуының көтерілуі, денсаулықтарына шағымдары болған жоқ. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 16 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылыпты.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

19.04.2020 ж. жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында COVID-19 коронавирус инфекциясынашалдыққан 62 адам анықталды.

stan.kz