БҚО-да полицей өзін-өзі атып жіберген

БҚО-да ПД бөлімшесінде полицей өзін-өзі атып жіберген. БҚО Полиция департаментіндегілер бұл дерекке қатысты пікір білдірді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полицей жансақтау бөлімінде жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.
«Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр», — деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы.