БҚО-да көктайғаққа байланысты жолдар жабылды

0
БҚО-да көктайғаққа байланысты жолдар жабылды


Батыс Қазақстан облысында көктайғаққа байланысты жолдар жабылды.

БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигіАсхат Қыдыровтың айтуынша, сағат 22.00-ден бастап облыстық Чапаев-Жаңақала-Сайқын, сондай-ақ республикалық маңызы бар Чапаев-Жалпақтал-Қазталов бағытындағы жолдар жабылды.

«Көктайғақ салдарынан жағдай осындай болып тұр. Сірә, жолдар таңға дейін ашылмайтын шығар», — деді А.Қыдыров.

Өңір тұрғындарының сөзіне қарағанда, облыстың оңтүстік аумағында күн жауын-шашынды болып, соның салдарынан көктайғақ орын алуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат