БҚО-да ер адамның мәйіті табылды

Оралда ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Үйлердің бірінің жертөлесінен зорлық белгілерімен 36 жастағы тұрғынның денесі табылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 33 жастағы ер адамды ұстады», — деп жазылған хабарламада.
Күдікті Орал қалалық Полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.