БҚО-да екі тасжол ақылы болмақ

0
17 Қараша 2018, 13:43 473 0

Алматы,BAQ.KZ. Орал-Тасқала, Самара-Шымкент бағытындағы тас жолдарды ақылы ету жоспарланып отыр. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлайды.

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалының сапаны бақылау жөнідегі бөлімшесінің басшысы Мерлан Насиповтың айтуынша, бүгінде «Қазавтожол» жолдарда ақылы пунктерді орнату үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындап жатыр.

«Жоба аяқталған соң, Орал-Тасқала және Самара-Шымкент жолдары ақылы болады», – деді ол.

Осы орайда Мерлан Насипов аумақтағы жол ақысы километріне 1 теңгеден есептелгенін атап өтті.

«Жол ақысының нақты бағасы ендігі жылы анықталады. Ақша республикалық бюджетке түседі», – деп түсіндірді басшы.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз