БҚО-да екі азаматты бөтелкелес болған танысы пышақтаған — новости Казахстана
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық ауруханасына дене жарақатын алған екі азамат түскен. Оларды бірге ішімдік ішкен танысы пышақтап кетіпті деп хабарлайды Уральская неделя-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оқиға 28 қаңтар күні кешкісін орын алған. Бұл туралы жергілікті блогер Айболат Букенов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Кейінірек аталған ақпаратты аудандық аурухана да растады.
Қайғылы жағдай үш азаматтың бірге арақ ішуінен басталған. Қызып қалған жігіттердің арасында жанжал туындап, арты төбелеске айналады.
Сол уақытта арасындағы біреуі қалтасынан пышақ алып, екі жәбірленушіге бірнеше рет дене жарақатын салыпты.
Нәтижесінде пышақталған екі жігітті де ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Алайда жарақат алған жәбірленушілердің бірі қайтыс болыпты.
Тәртіп сақшылары екі танысын пышақтаған күдіктіні тез арада құрықтаған. Ол қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында жатыр.
Аталған іс бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізуде.
Дереккөз: kaz.nur.kz