БҚО-да дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды

0

2018 жылғы 26 желтоқсан 15:51 409

БҚО-да дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  — Батыс Қазақстан облысында дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше қалаға іргелес Зеленов ауданы Асан ауылындағы мектепте орын алды.

Осында 5-сыныпта оқитын бала дене тәрбиесі сабағы кезінде өзін жайсыз сезінген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, мектепке жедел жәрдем сағат 17.52-де шақыртылды.

«Жедел жәрдем көлігі бес минуттан кейін жетті. 2008 жылғы баланың жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол жақын маңдағы емдеу орны — қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық жансақтау шараларын жасағанымен, баланың өмірін сақтау мүмкін болмады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», — деді А.Сақпосынова.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz