БҚО-да дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды
2018 жылғы 26 желтоқсан 15:51 409
ОРАЛ. ҚазАқпарат — Батыс Қазақстан облысында дене тәрбиесі сабағынан кейін он жасар оқушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға кеше қалаға іргелес Зеленов ауданы Асан ауылындағы мектепте орын алды.
Осында 5-сыныпта оқитын бала дене тәрбиесі сабағы кезінде өзін жайсыз сезінген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, мектепке жедел жәрдем сағат 17.52-де шақыртылды.
«Жедел жәрдем көлігі бес минуттан кейін жетті. 2008 жылғы баланың жағдайы өте ауыр болғандықтан, ол жақын маңдағы емдеу орны — қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық жансақтау шараларын жасағанымен, баланың өмірін сақтау мүмкін болмады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады», — деді А.Сақпосынова.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz