БҚО-да басшысын атып өлтірген полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты — Қазақстан жаңалықтары
Оралдың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты өзінің басшысын атып өлтірген бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды.
Сурет: Көз жұмған полиция қызметкері/ «Уральская неделья»
Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Бұрынғы полицей Серік Ғаріп сот шешімімен ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады.
Сонымен қатар сот Серік Ғаріпті марқұмның отбасына материалдық шығын ретінде 2,7 миллион теңге және моральдық шығын ретінде 4,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ, сот Серік Ғаріпті полиция сержанты шенінен айыру туралы үкім шығарды.
Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айының басында БҚО-да полиция қызметкері өз басшысын ішкі істер басқармасының ауласында атып өлтірген еді. Артынша Серік Ғаріп неліктен мұндай әрекетке барғанын түсіндірді.
stan.kz