БҚО-да әйел жанжал кезінде күйеуін өлтіріп алды
Қайғылы оқиға 28 желтоқсан күні сағат 2:00 шамасында Кердері көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.
БҚО полиция департаментіндегілер 37 жастағы әйелдің азаматтық некедегі күйеуімен жанжалдасып жатқанда кеудесіне пышақ сұққанын хабарлады.
Ер адам жарақаты ауыр болғандықтан, жедел жәрдем келгенше көз жұмған.
«Әйел адам уақытша изоляторға қамалды. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 99 «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді полициядағылар.