БҚО-да 600-ден астам қару жойылды

0

2018 жылғы 27 желтоқсан 22:55 202

БҚО-да 600-ден астам қару жойылды


ОРАЛ. ҚазАқпарат  — «ҚазАрмаПром» зауытында 160-тан астам қару жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қару зауыт пештерінде балқытылып, одан 200 келідей металл алынды.

Жойылған қару ішінде 134 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 22 газды тапанша, 1 травматикалық тапанша, 1 шолақ мылтық бар.

БҚО-да 600-ден астам қару жойылды 

Тұрғындар өз еркімен тапсырған, сондай-ақ айғақ зат ретінде тәркіленген қарулар тоқсан сайын жойылып отырады. Бұл — биылғы соңғы шара.

Айта кетейік, жыл бойы өңірде 600-ден астам қару жойылды. 

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz