БҚО-да 17 жастағы қызды бұрынғы жігіті зорлап өлтіргені белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Дарьинск ауылының орта мектеп түлегі 17 жастағы Дана Өтеғалиеваның өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Мой город.

БҚО-да 17 жастағы қызды бұрынғы жігіті зорлап өлтіргені белгілі болды

Фото: uralskweek.kz

Бұрын әділ қазылар алқасы ақтаған 21 жастағы Асхат Темірбаев кінәсін мойындады.

Темірбаевты зорлау, сексуалдық шабуыл, кісі өлтіру және ұрлау әрекеттері үшін кінәлі деп тапты. 

«Қазылар алқасының қаулысы негізінде Асхат Темірбаев пенитенциарлық жүйенің ең жоғарғы қауіпсіздік жүйесінің мекемесінде 18 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп атап өтті сот төрешісі.

2019 жылдың қаңтарында басқа қазылар алқасы оның кінәсін дәлелдей алмай ақтаған еді. Жігіт сот залынан қамаудан босатылды. Осыдан кейін қайтыс болған қыздың туыстары шағым бере бастады. Облыстық соттың апелляциялық кеңесі үкімді жойып, іс бойынша жаңа қарауға жіберді.

«Алқабилер құрамын құруда қателіктер болған. Олардың кейбіреулері бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған», — деді облыстық соттың төрағасы Бек Әметов. 

Оқиға 2018 жылдың шілде айында БҚО-да Бәйтерек ауданында болды. 17 жасар Дана Өтеғалиева саябақта зорланып, өлтірілген күйінде табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен қыздың танысы Темірбаев ұстады. Ол алғашында кінәні мойындады, бірақ сотқа сөзінен айнып шықты. 

 

stan.kz