БҚО-да 15 жасар қыз заңсыз тұрмысқа шығып, туыстары оны паранжа киген күйінде тапқан

0

Неке мешіт қызметкерлері, имамдар және кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінің бірде бірінің кәулігінсіз жағдайда өткен.

16 қыркүйекте Бөрлі ауданының полиция бөліміне кәмелетке толмаған баланың жоғалуы туралы өтініш түскен.

Полиция оны Оралдан тапты. Кейінірек оның сыртқы белгілері бойынша дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатын азаматпен шариғат заңы бойынша заңсыз некеге отырғаны белгілі болды. Заңсыз некеленген ер адам 2005 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскен, делінген  Бөрлі полиция бөлімінің хабарламасында.

Қыз қара түсті паранжа киіп, бетін толығымен жауып, барлық отбасылық байланыстарды үзуге тырысқан.

Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе өзге де сексуалдық әрекеттер» (бес жылға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жаза немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза) бойынша қылмыстық жауапкершілік тартылады», — деп толықтырды департамент.