БҚО-да 11 жасар ұл бала асылып өлді

0

Қайғылы оқиға Бәйтерек ауданы Дарьин ауылында болды.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков оқиғаның бірнеше күн бұрын болғанын айтты.

«11 жасар ұл бала үйде жалғыз қалған кезде асылып өлген. Отбасында үш бала бар, ол үлкені болған. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 105-бабы («Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша тергеу жұмыстары басталды», — деді Болатбек Белгібеков.

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжанов өз кезегінде отбасының берекелі екенін атап өтті.

«Әзірге қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға ауыр. Әкімдік тарапынан отбасыға көмек көрсетілетін болады», — деп нақтылады Марат Тоғжанов.