БҚО әкімі: Пандемия кезінде тоқтатылған объектілер осы жылы бітеді

0

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» брифингінде бұрын тоқтатылған облыстың негізгі нысандарының құрылысы туралы айтты.

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, 2020 жылы 50-ден астам нысанның құрылысы пандемия мен қаржыландыру проблемаларына байланысты тоқтатылған болатын.

«Бүгінде біз 40-тан астам нысанды аяқтадық. Жыл соңына дейін қалған 12 нысанды аяқтаймыз. Біз сәйкесінше қаржыландыруды жергілікті бюджеттен бөлдік. Сосын біз заңға сәйкес кейбір жосықсыз мердігерлерді сот арқылы шығарып, тендерді қайта өткіздік. Әрине, оған уақыт кетті. Дегенмен, осы нысандардың барлығын биыл толығымен аяқтаймыз», — деді облыс әкімі.