Бозымбаев Назарбаевтың ескерткіші туралы: Қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ

0

Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатын өткізіп жатыр. Жиында облыс әкімі Назарбаевтың Талдықорғандағы құлатылған ескерткіші туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты nege.kz порталына сілтеме жасап.

Журналистер баспасөз мәслихаты барысында қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Назарбаевтың ескерткішіне қатысты сұрақтарын қойды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Назарбаевтың ескерткіші қайта қалпына келтіріледі деген ақпарат шыққан еді.

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев осы мәселеге қатысты жауап берді. «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Қалмаханбет Мұхаметқалидің: «Назарбаевтың ескерткіші қайта қалпына келтіріле ме?», – деп сұрады.

«Қалай айтайын? Бұл мәселе біздің күн тәртібімізде тұрған жоқ. Шынын айтқанда, ескерткішті қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Быт-шыт болды ғой…», – деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев