Бозымбаев: Менің бір орынбасарымнан басқалары орнында отыр — новости Казахстана

Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев тілшілерге өзінің қанша орынбасары бар екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: beta.abctv.kz
Қазір Энергетика министрінің үш орынбасарын сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасады деген күдікпен тергеуде.
«Менің бір орынбасарымнан басқалары орындарында отыр», — деді Бозымбаев тілшілерге.
Ал журналистер министрден қазіргі вице-министрлердің атын атауды сұрағанда, ол барлығына мекеме сайтына кіруді ұсынды.
«Штатты кесте алыңыздар. Сайтқа кірсеңіздер, көресіздер», -деді ол.
Сондай-ақ, Бозымбаев орынбасарларына тағылған айып пен тергеу жұмыстарына қатысты тергеушілер байланысқа шықты ма деген сұраққа жауап берді.
«Шкарупаға байланысты-жоқ. Ал қалғандары туралы түсініктеме бере алмаймын. Себебі, ол істер әлі сотқа жеткен жоқ», -деді министр.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар