Бозымбаев дизель отыны бағасына алаңдаулы

0

Министр осы ретте еліміздегі бензин мен дизель отынының бағасын көтермеу қажеттігіне баса назар аударды.

Ресеймен шекаралас өңірлерде бензин мен дизель отынын тұтыну көлемінің артуы олардың көрші нарыққа кетіп жатқанын білдіреді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресеймен шекаралас өңірлерде дизель отыны мен бензинді тұтыну көлемі күрт артты. Бүгінгі күні 3 млн адам тұратын Түркістан облысы мен Шымкент қаласына қарағанда 700-800 мың адамы бар Батыс Қазақстан не болмаса Қостанай облыстарын қоса алғанда соңғы уақытта тұтынылатын жанармай көлемі бірнеше есе көп болып отыр. Бұл дизель отыны мен бензин Ресей Федерациясына кетіп жатыр дегенді білдіреді. Шекарамыздың үлкен екендігі, кеденнің жоқтығы белгілі. Дегенмен, бұл фактілерді Премьер-Министрге жеткіздім. Ол орынбасары Досаевқа тапсырма берді. Біз ұсыныс әзірлеуіміз керек», – деді ол ішкі нарықтағы жанар-жағармай бағасы талқыланған кеңесте.

Министр осы ретте еліміздегі бензин мен дизель отынының бағасын көтермеу қажеттігіне баса назар аударды.

«Дегенмен, біз шекарамызды бақылауда ұстауымыз қажет. Жұма күні Үкіметте нарығымызды қорғау нұсқалары туралы баяндайтын боламыз. Екінші жолы – бағаны Ресеймен теңестіру қажет. Мұндай жағдайдың болуы, бензинді 240, дизель отынын 250 теңге жеткізу фантастика болар еді. Дегенмен бұл да тығырықтан шығудың бір жолы. Осы жайт орын алатын болса Үкімет тұтынушыларды субсидиялау бойынша шаралар қабылдайды. Алайда, біз бірінші, шекарамызды нығайту жолымен жүретін шығармыз», – деді Қанат Бозымбаев.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз