Бозымбаев АЭС жобасының сынға қалуын «Семей полигонынан кейінгі қорқыныштан» көреді

0

Қазақстан энергетика министрі Қанат Бозымбаев атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қатысты шешім «ашық әрі жария түрде қабылданады» деді. Бұл туралы министр 9 сәуірде өткен үкімет отырысынан кейін айтты.

Министрдің сөзінше, АЭС құрылысына қатысты кеңес алу үшін бірнеше елге хат жолдаған.

– Бес елге – АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея, Ресей мен Қытайға [АЭС құрылысы бойынша] технология мен коммерциялық-экономикалық ұсыныстарын айтуы үшін хат жібердік. «Росатом» компаниясына да мұндай ұсыныс жіберілді. Бірақ нақты айтар бір нәрсем – АЭС салу туралы әлі ешқандай шешім қабылданған жоқ. Әлі зерттеп жатырмыз, – дейді ол.

Министр «болжам бойынша, 2030 жылдары Қазақстанда атом электр станциясы болмаса, электр қуатының тапшылығы туады» дейді.

– Себебі жыл сайын электрге сұраныс артып келеді. 30-жылдарға қарай бәрібір бір станция салуымыз керек. Үкімет АЭС салу туралы шешім қабылдаса, онда жария түрде қоғамдық талқылаудан соң қабылданады. АЭС салу соңғы 5-7 жылдан бері талқыланып жатыр. Тағы 1-2 жыл керек сияқты, – дейді министр.

Бозымбаевтың айтуынша, Ресей тарапынан ұсыныс «саясаттың арқасында» жасалған.

Бүгін, 9 сәуірде таңертең Қазақстан президенті телерадио кешені «Нұр-Сұлтан мен Мәскеудің алтын дәуірі» атты деректі фильмінің Бозымбаев сұхбат берген үзіндісін жариялады. Әлгі сұхбатта Бозымбаев «Қоғам қатты сынға алып жатқанын түсінеміз. Бұған әсіресе Семейдегі ядролық полигоннан соң қалыптасқан фобия әсер етіп жатыр. Полигон зардабы азаматтардың есінде ұмытылмастай қалып кетті» дейді.

Оның сөзінше, «бұл – Ресей тарапының қалауы ғана».

Оқи отырыңыз: Ресей Қазақстанды АЭС салуға көндіре ала ма?

Президент Владимир Путин Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сәуірдің 3-інде Мәскеуде кездескен кезде АЭС салуға көмектесу ниетін жария етті.

Бір күннен соң Қазақстанның энергетика вице-министрі Мағзум Мырзағалиев елде АЭС салу туралы нақты шешім қабылданбағанын айтты. Оның айтуынша, елде атом электр станциясына (АЭС) арналған аумақ ретінде Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласы мен Алматы облысындағы Үлкен ауылытаңдалған.

Ресей мен Қазақстан атом қуатын бейбіт мақсат үшін өндіруге қатысты көптеген елдермен келісім-шарттар жасаған. Бірақ дәл осы мәселеге қатысты екі ел бір-бірімен мәміле қыла алмай келген.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз