Божконың жауабы: Сіздер мені сатқындық жасаған сияқты көрсетіп, асыра сілтеп отырсыздар

0
508
orda.kz

Орыс саясаткерінің жазбасын өз парақшасында бөліскен бұрынғы шенеунік Владимир Божко өзінің ісін арандатушылық деп есептемейтіні мәлімдеді, бірақ, сақтықта қорлық жоқ десе керек жазбаны өшіріп тастады, деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайты.

Фэйсбук желісінде аптаның басы төтенше жағдайлар экс-министрі Владимир Божконың жазбасын талқылаудан басталды.

Жазбада ҚР бас прокуроры Берік Асылов пен РФ бас прокуроры Игорь Красновтың өткен кездесуі туралы екі түрлі ойға қалдыратын жаңалық болды. Екі прокурор өзара «русофобиялық қызметті» талқыға салған.

«Бұл туралы айту жағымсыз, бірақ олар маған украиндық үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда да белсенді түрде русофобиялық қызмет дамып жатқандығы туралы үнемі хабарлайды», – деді Краснов Қазақстанның бас прокуроры Берік Асыловпен Минскідегі кездесуде.

Краснов шілде айында Қазақстан астанасына экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибе алмасу мақсатында сарапшылар келетінін хабарлады.

Orda.kz тілшісі ТЖ экс-министрі, «Қазақстанның орыс, славян және қазақ ұйымдарының қауымдастығының» қазіргі төрағасы Владимир Божкоға хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтауға тырысты. Ол өзінің жазбасына деген қызығушылығтың неліктен артқанын түсінбейтінін және ешқандай ұлтшылдықты ойламағанын айтты.

«Мен екі бас прокурордың кездескенін хабарладым, ал сіздер болсаңыздар мені сатқындық жасаған сияқты көрсетіп, асыра сілтеп отырсыздар. Сізде баспасөзде тіптен қызып кеткенсіздер ме? Екі бас прокурор кездесіп, шетелдік арнайы қызметтерге қарсы тұру мәселесін қарастырып жатқанын және осының бәрін қайта қарағанын бөлістім, басқа ештеңе жоқ», – дейді төтенше жағдайлар жөніндегі экс-министр.

Қазір Божко бөліскен жазбаны көруге мүмкіндік жоқ, десе де пікірлерді оқуға болады. Оның репостына Facebook-тің қазақстандық бірнеше қолданушылары өздерінің ой-пікірлерін жазған.

ҚР Бас прокуратурасы кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықты оның барлық көріністерінде нығайтуға ниет білдіргенін хабарлады.

Маусым айының ортасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі ПМЭФ-те болып, онда Владимир Путинмен кездескен еді және оған достас екі ел арасында алауыздық туғызып отырған кейбір журналистер мен саясаткерлердің Қазақстанға айтқан сөздері «түсініксіз» екенін хабарлаған-ды. Осылайша, Тоқаев жүргізуші Тигран Кеосаянның Қазақстан тарапына жасаған мәлімдемесіне наразы екенін атап өтіп, Қазақстанның Украина-Ресей қақтығысына деген көзқарасы туралы әңгімеге нүкте қойды.