Божко «Қазақ ұлтшылдары дайын болыңдар!» деп не айтқысы келді?
Қазақстандағы ұлтшылар дайын болыңдар деген тақырыппен Сергей Васильев есімді оқырман желіге ұлтшылдарға байланысты жаңа жазба жариялаған деп хабарлайдф Kznews.kz жаңалықтар порталы Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ең қызығы оны «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар Республикалық бірлестігінің төрағасы, экс депутат Владимир Божко өзінің Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті, — деп хабарлайды.
«Қазақстандағы ұлтшылдар дайын болыңдар! Ресейдің бас прокуроры Игорь Краснов Қазақстанның бас прокуроры Берік Асыловпен кездесті. «Мұның айту жағымсыз, бірақ украиналық үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен Қазақстанда русофобтық әрекет орын алуда деп маған хабарлауда. Біздің мамандар экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл тәжірбиесімен алмасу үшін шілде айында Нұр-Сұлтанда қаласына барады», — деді Краснов.
Көп ұзамай тұрандықтар, түрлі ұлтшылар сазайын алады деген үміт бар. Қазақ тілді саясаткерлерге ленталарын тазалап, енді ақымақтық сөз жазбауға кеңес беремін», — деді Сергей Васильев.
Бірнеше сағаттан соң, Владимир Божко да, Сергей Васильев те жазбаны өшіріп үлгерді.
Божконың оқырмандары «Репостты не үшін жасап отырғанын түсінбедім. Бұл қазақтарды қорқыту ма?», «Божко мырза мемлекеттік қызметте отырып репост жасауы қазақ халқына айтқан рақметі ме?», «Қазақтар ешқашан ұлтшыл болға емес. Біз соғысқа қарсымыз. Өмір көрсеткендей, біз өте мейірімді халықпыз. Бізді қорқытудың қажеті жоқ деп» пікір қалдырды.