Бостонда теракт жасаған Царнаев оған дейін 3 кісіні өлтірген болуы мүмкін

0
125
Бостонда теракт жасаған Царнаев оған дейін 3 кісіні өлтірген болуы мүмкін


2018 жылдың қазанында Қазақстанда депортацияланған Диас Қадырбаев Джохар Царнаевтың ағасы Тамерлан Царнаев туралы айтқан сөзін жариялап, түсініктеме берді.

Джохардың сөзінше, Тамерлан 2011 жылы Уолтхамда үш кісіні өлтірген болуы мүмкін. Қайғылы оқиға Бостон марафонында жасалған терактқа дейін екі жыл бұрын болған, деп хабарлайды  The Boston Globe сайты.  Джохар Царнаевқа қарсы жиналған сот құжаттары мәліметінше, Царнаев ағасының Уолтхамдағы кісі өліміне қатысқанын білген. 2014 жылдың тамызында федералды прокурорлар адвокаттың көзінше Диастың айтқан сөзін жазып алған. Диас Джохар Царнаев 2012 жылдың күзінде Тамерлан Уолтхамда «жиһад» жасағанын айтқанын жариялаған.

2011 жылдың 12 қыркүйегінде 25 жастағы Брендан Мес, 31 жастағы Эрик Хейсман, 37 жастағы Рафаэль Текен өз пәтерлерінде бауыздалып жатқан жерлерінен өлі табылды, олардың қандарынан марихуана анықталған. Қылмыс есірткімен байланысты болғандықтан, іс жабулы күйінде қалды.

Екі жылдай уақыт өткен соң 2013 жылы Тамерлан Царнаев пен оның інісі Джохар Бостон марафонында жарылыс ұйымдастырды. Теракт нәтижесінде үш адам қайтыс болды, 260 адам жарақат алып, бірнеше күннен кейін полиция офицері өлтірілді. Тамерлан Царнаев атыс барысында полицияның оғынан қайтыс болды, оның інісі Джохар өлім жазасына кесілді. Құжатта Джохардың сот үкіміне қарсы шағымданатыны да айтылған.

 Естеріңізге салайық, 2015 жылы қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов АҚШ-та теракты тергеу кезінде америкалық заңға кедергі келтіргендері үшін түрмеге жабылды. Диас Қадырбаев алты жылға, Азамат үш жыл, алты айға бас бостандықтарынан айырылды. 2016 жылы Тәжаяқов түрмеден шығып, Отанына оралды. 30 тамызда Қадырбаевтың АҚШ-тағы түрмеден шығып, Диас Қадырбаев Қазақстанға оралды.

Дереккөз: Today.kz