Бостандық ауданында 3741 жаңа жұмыс орны ашылды – әкім

0

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахимбетов Алтай Ерғазыұлының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Алтай Рахимбетовтің айтуынша, қаңтар-қазан айлары аралығында Бостандық ауданы бойынша салық төлемдерінен 298,4 млрд теңге қаражат мемлекеттік қазынаға түскен. Оның ішінде 202,4 млрд теңге мемлекеттік бюджет, 96,5 млрд теңге жергілікті бюджет.

«Қазіргі таңда аудан аумағында 10-нан астам ірі және орта өндірістік кәсіпорындар жұмыс істейді. 2018 жылдың 10 ай ішінде өндірістік өнім көлемі 67,1 млрд теңгені құраса, жеке индекс көлемі 103,5% жетті» ,-дейді ол.

Сондай-ақ ол, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандағы 8 кәсіпорында 4,7 млрд теңгенің жобалары іске асырылып жатқанын, оның ішінде 833,3 млн теңге субсидия есебінен бөлінгенін айтып өтті.

«2015-20109 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау аймақтық картасына жалпы сомасы 2,5 млрд теңге қаражатты құрайтын 4 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 198 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сондай-ақ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жалпы самосы 534 887 000 теңгені құрайтын 34 микрокредит ұсынылды. 4 жоба мақұлданды»,-деді аудан әкімі.

Алтай Рахимбетов соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша ауданда қылмыс санының төмендегені байқалғанын жеткізді. Есептік кезеңде жалпы саны 7868 қылмыс тіркелсе, былтыр бұл көрсеткіш 8204 болыпты.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ